31 Желт 2020
Жаңалықтар

Көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды

 «Мектепке жол» акция барысында әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасыларына «Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.

Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның ашықтығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Қосымша: 4 парақ («Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша іс-қимыл алгоритмі).

Пайдалы ақпараттық ресурстар