31 Желт 2020
Жаңалықтар

Тарихи-танымдық топ Атырау облысының мұражайларын аралап,танысуға сапарға шықты

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында БҚО Бәйтерек ауданы «Январцев ЖОББ «мектеп-балабақша» кешені» КММ бастамасымен Январцев, Красноармейск, Трекин қазақ мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінен құралған тарихи-танымдық топ Атырау облысының мұражайларын аралап,танысуға сапарға шықты.

Сапардың мақсаты: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, оқушыларды тарихи орындармен таныстыру арқылы патриоттық сезімдерін ояту, өз елінің тарихын білуге, сүюге баулу.

Сапар Январцев мектебі жанынан басталды.

СарайшықКіші Сарай — орта ғасырларда Алтын Орданың ірі сауда және экономикалық орталығы. Бұл қала Жайық өзенінің қазіргі Атырау қаласынан 50 км жоғары орналасқан. Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласын пайда болуын тарихшы ғалымдар 13 ғ.Шыңғыс хан мен Бату ханның шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер 14 ғ. алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады. 1999 жылы қала орнына ескерткіш-пантеон, мешіт, мұражай кіретін Сарайшық мұражай-қорығы бой көтерді.

Сапарымызды Атырау облысындағы «Хан ордалы Сарайшық» мұражай қорығымен танысудан бастадық. Алдымен мұражайдың ауласындағы мешітке кіріп тәубе етіп шықтық. Содан соң Сарайшықта билік еткен жеті ханға арналған пантеонмен таныстық. Пантеонда Алтын орданың үш ханы, Ноғай Ордасының үш ханы, және қазақ ханы Қасым ханға арналған құлпы тас қойылған. Пантеоннан кейін Сарайшық мұражайының ішіне кіріп Сарайшық қаласының тарихымен толық таныстық. Оқушыларға өте қызықты болып, көптеген сұрақтарына жауаптар алды. Тек кітаптан оқығаны емес, көзбен көріп өздерінің рухани мұраларын байыта түсті.

Мұражайдан шығып қазба жұмыстары жүргізілген аспан астындағы мұражайға, яғни Сарайшық қаласының орнына бардық. Оқушылар мұражайда көрген Сарайшық қалашығының макетінің енді шынайы көрінісін көргенде өздерінің таңқалыстарын жасыра алмады.

Сарайшық қалашығымен танысқан соң, Атырау қаласына барып Атырау қаласының гумманитарлық колледжінің жатақханасына орналастық. Ертеңгі күні Атырау облыстық тарихи – өлкетану мұражайымен таныстық. Мұражай 8бөлмеден тұрады. Мұражайда сармат дәуірің кезеңімен, қазақ халқының этнографиясымен, Атырау облысының территориясында өмір сүретін жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен танысты және де Ұлы Отан соғысы кезеңі, ХХ ғасырдағы Гурьев қаласының тарихымен, Атырау облысында дүниеге келген өнер және әдебиет өкілдерінің тарихымен танысты.

Келесі сапарымыз Махамбет ауданының Махамбет мұражайында болды. Мұражайда Махамбет ақынның өмірі мен шығармашылығымен, Махамбет ауданының тарихымен, Махамбает ауданында табылған жәдігерлермен танысты.

Осы сапардан оқушылар үлкен әсермен оралды. Осындай сапарлар тағыда ұйымдастырылып жатса тағыда қуана баратындарын айтты.

Осы сапарды ұйымдастыру барысында мұражайларға барып келуге автобуспен көмек көрсеткен «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры Дәркеев Жомарт Ғабдулқайырұлына, Атырау қаласында балаларды жататын орынмен қамтамасыз еткен Атырау облыстық Білім басқармасының басшысы Төремұратова Жансұлу Менешовнаға және Атырау Гумманитарлық колледжінің басшылығына мектеп ұжымы және ата-аналар атынан алғыс білдіреміз.

Бұл біздің мектебіміз ұйымдастырып отырған алғашқы сапар емес, 2017-2018 оқу жылында осындай тарихи-танымдық топ Ақжайық, Жаңақала және Бөкейордасы аудандарын қамтыған сапарға барып келген болатын. Алдағы уақытта осындай сапарлар жалғасын таппақ.

Пайдалы ақпараттық ресурстар