31 Желт 2020
Жаңалықтар

“My Robot”

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Асан ЖОБМ-нің базасында облыстық “My Robot” байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аталған байқау кегельринг, кегельринг-квадро (жалғастырушылар үшін), сумо, сызық бойымен жүру (жалғастырушылар үшін), шығармашылық (Smart city) санаттары бойынша жүргізілді. Бұл санаттарға ауданның 11 мектебінен 31 топ қатысты. Барлық санаттар бойынша оқушылар қызығушылықпен қатынасқанымен, шығармашылық санатқа қатысуға тек екі топ ұсыныс берген. Өз санаттарында жеңімпаз атанған Переметный мектебінің «BuR-2006» тобы (жетекшісі Мусакулов Р.Г.), Өркен мектебінің «RoboVoin» тобы (жетекшісі Кабиева А.Е.), Асан мектебінің «Асан» тобы (жетекшісі Аймухамбетов Д.Т.), Новеньков мектебінің «Кинетик» тобы (жетекшісі Есенова Т.Қ.) облыстық байқауға қатынасады. Аудандық “My Robot”  байқауын жыл сайын Асан мектебінде өткізу дәстүрге айналып отыр. Байқауды өткізу барысында жоғары дәрежеде ұйымдастырушылық  танытып отырған Асан мектебінің әкімшілігі мен ұжымына білім бөлімі атынан алғысымыз зор.

Пайдалы ақпараттық ресурстар