31 Желт 2020
Жаңалықтар

Аннотация

2018 жылдың 21 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы «Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Новенький жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің базасында шағын жинақталған мектептердегі біріктірілген сыныптарға байланысты «Біріктірілген сыныптағы сабақ: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында  облыстық машық семинары өтті. Семинар мақсаты: біріктірілген сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу, жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әдістемелік көмек көрсету. Семинар интерактивті формаларды пайдала отырып, кәсіби деңгейде өткізілді.

Семинар барысында біріктірілген сыныптар бойынша 6 сабақ көрсетілді. Мұғалімдер сабақ үстінде  жаңа әдістемелерді ұтымды пайдалана білді.  Семинардан кейін біріктірілген сыныптарға байланысты ауқымды мәселелер «Біріктірілген сыныптардағы қалыптастырушы бағалау кезіндегі 5 идея» тақырыбындағы әдістемелік алаңында талқыланды. Кейін семинар  қатысушылар арасындағы ашық диалогпен қорытындылады.

Семинар барысында мұғалім мен оқушылар, семинар қатысушылары арасында жылы атмосфера орнатылып, нәтижелі жұмыс түрлері көрсетілді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар