31 Желт 2020
Жаңалықтар

Семинар

Достық жалпы орта білім беретін мектебінің базасында өткен
«Дін татулық- ынтымақ  пен бірліктің кепілі» атты аудандық
«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар  туралы  мәлімет

Аудандық әдістемелік кабинеттің  жоспарына  сай  2017 жылдың  16 наурызында Достық жалпы орта білім беретін мектебінің базасында
«Дін татулық- ынтымақ  пен бірліктің кепілі» атты аудандық  «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар болып өтті.  Семинардың мақсаты:   «Ұлт пен ұлыстың басын қосқан Қазақстанның халықаралық қауымдастық  деңгейінде  бейбітшілік пен дінаралық келісім, рухани адамгершілік, толеранттылыққа  азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу маңызын  ашу»  
Ұйымдастырушысы Зеленов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Амангазиев Асылбек Аманжолович.
Семинарға  ауданның  барлық білім беру  ұйымдарындағы  9- сыныпта  жұмыс жасайтын пән мұғалімдері  (25 мұғалім)  қатысты.

Семинар Достық ЖОББ мектебінде сағат 9.00-да басталды.  Семинарды алдымен Зеленов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері А.А.Амангазиев  ашты.Семинардың  жоспарымен мақсатымен  қонақтарды таныстырды.

 

Жоспар бойынша 9 сыныптарда «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінен ашық сабақтар өткізілді. 9 «а» сыныбына дінтану пәні мұғалімі Сағатова Жанаргүл Максотовна  «Ислам жазба әдебиетінің ескерткіштері Әл-Фараби,  Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари діни көзқарастары» тақырыбында сайыс сабағын өткізді.
9 «в» сыныбында дінтану пәні мұғалімі Гершман Ирина Алексеевна  «Философско-просветительские и религиозные взгляды деятелей духовной культуры Казахстана»  тақырыбында  жаңа технология  әдіс –тәсілдерін пайдалана отырып ашық сабақ өткізді.

Сонымен қатар 8 «а» сыныбына қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Уразова Турсынгүл Серкіқызы  «Дін және әдебиет» тақырыбында сыныптан тыс шара өткізді. Шарада Абай Құнанбаевтың ,Шәкәрімнің, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылып, бейне сюжеттер көрсетілді. Оқушылар Қожа Ахмет Иассауидің хикметтерін шырқады. Көріністер көрсетілді. Патриоттық  әндер айтылды.
Семинардың екінші бөлімі тәжірибе алмасуға арналды.  Мектеп психологы Муштанова Бағдагүл Сабыргалиқызы «Рухани  адамгершілік  қағидалар – жеке  тұлға тәрбиесінде» (психологтың іс-тәжірибесінен) атты «шебер-класс» өткізді.

 Мектеп директоры С.Н.Голубева қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал , мектептің ата-аналар және оқушылармен атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.О.Жүнісова  дәстүрлі және теріс діни ағымдардың айырмашылығы, жасөспірімдерді теріс діни ағымдардан қорғау бағытында ата-ана мен мектептің атқаратын жұмыстарын мысал келтіре отырып түсіндірді.

Сонымен қатар облыс ақыны «Ақпарат саласының үздігі», «Жас қазақ» ұлттық апталығының  БҚО меншікті тілшісі Сариева Ұлдай  Қабошқызы қатысып, осы бағытта шығарылып отырған «Дүрбі» газетінің  ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы пікір алмасты.  

Зеленов аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Амангазиев Асылбек Аманжолович Зеленов ауданы бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының берілу жағдайы туралы   баяндама жасады.
Семинарға қатысқан  мұғалімдер өзара пікір алмасты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ризашылығын білдірді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар