30 Желт 2020
Жаңалықтар

Көрісу күніне

 Зеленов аудандық білім беру бөлімі Сіздің 2017 жылғы 13 наурыздағы №3-2/1489 хаты бойынша Зеленов ауданының білім беру ұйымдарында 14 наурыз «Көрісу күніне» өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты жолдайды. Көрісу айт күніне арналған тәрбие жоспары құрылып бекітілді.
Бұл күні мектептеріміздің дәстүрі бойынша 1-11 сынып оқушылары таңертеңгілікте ұстаздарын  және мектеп қызметкерлерімен ерекше қарсы алып қол алысып көріседі. Үлкендер балаларға ақ баталарын беріп,«Жасың қайырлы болсын!» деп алғыс білдірді. Және тек оқушылар ғана емес ұстаздар , кіші қызметкерлер бір-бірімен қол алысып амандасып, көрісіп тілектерін айтып «Бір жасыңмен!», «Қазан толы болсын»  деп құшақтасып көрісті.
Жұмыс күні саптық жиынмен басталды. Мектеп директорлары ұжымды, оқушыларды құттықтап, көрісу айттың мағынасын түсіндіріп баяндады. 1-11 сыныптарда өткізілген тәрбие сағаттарында оқушыларға  бұл айт күнінің мақсаты айтылып, ұлттық дәстүріміздің жақсы үрдісі екендігі түсіндірілді.
7-11 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған  «Көрісу айты құтты болсын!» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Шараға ауданымыздың «Әжелер» ансамбілінің мүшелері шақырылды. 5-8 сынып оқушылары атақты ауыл тұрғындарына барып амандасып, ақ батасын алып қайтты.

Пайдалы ақпараттық ресурстар