31 Желт 2020
Жаңалықтар

«Өсу векторы» оқыту және дамыту мектебінің жұмысы оздырылды

 2019 жылдың 9 ақпаны күні Дариян мектеп-гимназия интернаты базасында  Бәйтерек ауданы  білім  беру ұйымдары  басшыларының  «Өсу векторы»  оқыту және дамыту мектебінің жұмысы оздырылды. Жұмысқа 47 жалпы білім беретін  мектеп басшылары, 4 қосымша білім беру ұйымдары  басшылары, 8 МДҰ меңгерушілері, яғни 59 мекеме басшылары қатысты.

 Қазақта «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген мақал бар. Әр шаңырақтың өз иесі бар болса, әрбір білім ордасының да тұғырының мықты болуы білікті басшыға байланысты. Сондай-ақ адам өмірге келгеннен соң оң-солын тани бастағаннан-ақ білім мен тәрбие алмаққа мектеп атты шаһарға келетіні анық. Міне, бүгін  осы мектеп шаһарын басқарып отырған ауданымыздың барша  басшыларымен  лагерь жұмысы басталды.

Мектеп жұмысына шаһар басшыларын даналыққа, ұлылыққа, білімділік пен біліктілікке жетелеп жүрген  облыстық білім басқармасының басшысы Қадырова Шолпан Маратқызы, Педагогикалық шеберлік орталығының Орал қаласындағы филиалының аға менеджері Унгарова Талаш Бурхановна және  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының БҚО ПҚБАИ-ның аға оқытушылары, тренерлері Хайруллина Айгуль Булатовна мен Зулкашева Шынар Мулкаевналар қатысты. Білім беру бөлімінің басшысы Сафиуллин Серік Наженұлы бастаған шара өз деңгейінде өтіп, басшылар алдындағы мақсаттар нақтылана түсті.  

lЖазған АӘК

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.