31 Желт 2020
Жаңалықтар

31 қаңтар күні Новеньков ЖОБМ базасында Қазақстанның батысының топырағынан жаралған, қазақтың ұлы ақыны атына ие болған Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға арналған аудандық "Қадыр оқулары"байқауы өткізілді.

 31 қаңтар күні Новеньков ЖОБМ базасында Қазақстанның батысының топырағынан жаралған, қазақтың ұлы ақыны атына ие болған Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын насихаттауға арналған аудандық "Қадыр оқулары"байқауы өткізілді. Байқауға ауданымыздың 19 мектебінен 53 оқушы қатысып, облыстық кезеңде аудан намысын қорғайтын оқушылар анықталды.

"Сөздің бәрі құдыретті ..." - Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын жатқа айту, "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" - деп Қадыр мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындау, "Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін" - жас дарындар, яғни өз шығармаларын оқу бөлімдерінен мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Облыстық кезеңге алғашқы бөлім бойынша Қадырдың 70 өлеңін жаттап, соның ішінде әділ-қазылар сұраған 15 өлеңін мүдірмей айтып берген Трекин қазақ ЖОБМ-нің 6 сынып оқушысы Бисенгалиева Ақбота, ән орындау бөлімінен "Сыған серенадасы» әнін шебер орындаған Үлкен Шаған ЖОБМ-нің 5 сынып оқушысы Бисенбаева Айкөркем және соңғы бөлімнен Достық ЖОББ-нің жас ақыны Ізбасаров Нұрасыл жолдама алды. Новеньков, Егіндібұлақ, Батурин,Достық және Подхоз НМ оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.