31 Желт 2020
Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТІ ЛИ МЕН БАКПЕН КЕЗДЕСТІ

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Қазақстанға келіп отырғанына қуанышты екенін айтып, оған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Корея Республикасы павильонының ашылу рәсіміне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

– Сіз Корея Республикасының Президенті болған кезде елдеріміздің ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді. Сол нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың мәселелерін қарастырып, оның аясын кеңейту қажеттігін атап өтті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.